Қадағалау органының мәліметінше, күдікті Астанада World Business Consulting қаржы пирамидасының құрылымын басқарған. Бұл ұйымның бөлімшелері 2018-2022 жылдар аралығында Қазақстанның түрлі өңірлерінде азаматтарға жоғары табыс уәде етіп, заңсыз түрде 6,5 млрд теңгеден астам қаражат тартқан.
«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. 2025 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.Бас прокуратурада аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін нақтылады.
Сондай-ақ бұл қылмыстық ұйымның бірқатар сыбайласы бұған дейін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылғаны айтылды.
Украина ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
Айта кетейік, Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялаған еді.