• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 15 Қаңтар, 2026

«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды

10 рет
көрсетілді

Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәскеудің ЦСКА академиясының мектебінен түлеп ұшқан Лайонел Адамс үлкен спорттағы жолын Ресейдің «Енисей», «Волга» және «КАМАЗ» ұжымдарында бастаған болатын. Сонымен қатар футболшы мансабының бір бөлігін Қазақстанда өткізіп, «Каспий», «Тұран», «Жетісу» және «Шахтер» командаларының сапында ойнаған.   Халықаралық аренада да өзіндік қолтаңбасын қалдырған спортшы Ресейдің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында доп тепті. Сондай-ақ 2017 жылғы жазғы Универсиада ойындарында студенттер құрамасының сапында ел намысын қорғаған еді.

Аты аңызға айналған футболшы әрі бапкер Марат Есмұратов өмірден өтті

Алдын ала болжам бойынша, спортшының қазасына биіктен құлауы себеп болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, өз-өзіне қол жұмсау нұсқасы да қарастырылып жатыр. Әзірге футболшының жақындары мен бұрынғы клубтар тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Франциялық футболшы Швейцариядағы өрттен зардап шекті

Соңғы жаңалықтар