Елордада ауа райының күрт суытуына байланысты қоғамдық және дизельді көліктерге қала сыртына шығуына тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Осыған орай, «City Transportation Systems» (CTS) көлік компаниясы қала маңына қатынайтын бірқатар маршруттың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Атап айтқанда, № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329-шы бағыттағы автобустар жолға шықпайды. Еске салайық, кеше ауа райына байланысты Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыды.