• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс 14 Қаңтар, 2026

Атыраудағы кешенде бір жылда 375 мың тонна полипропилен шығарылды

110 рет
көрсетілді

Атырау облысында полипропиленнің 15 түрін шығаратын кешен бар. Былтыр бұл кешенде шығарылған полипропилен көлемі 375 мың тоннаға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, полипропилен құрылыс, медицина, агроөнеркәсіп, автомобиль, азық-түлік және тұрмыстық тауарлар өндірісіне кеңінен қолданылады. Әсіресе полимер нарығында полипропиленнің PP H350 FF/7 деп аталатын жаңа түріне сұраныс жоғары болып отыр.

Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндірісі күрт төмендеді

«Былтыр кешенде 375 мың тонна полипропилен шығарылды. Өнімнің 39 мың тоннасы отандық нарыққа жеткізілді. Ал экспортқа 325 мың тонна өнім жөнелтілді. Бұл кәсіпорын өнімінің сыртқы нарықта да тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетеді», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Ал биылғы 14 қаңтарға дейін 12 мың 796 тонна полипропилен шығарылды.

Мұнай өндірісі ұлғайды

Соңғы жаңалықтар