• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 17:25

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

20 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы қаржы институтының негізі қаланғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкі стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруда Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екеніне назар аударды.

Николай Подгузов Мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды. Соған сәйкес, биыл еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді.

Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту

Президентке банктің 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырған стратегиясы аясында жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар қаржы құйылды. Бұл – банктің өткен 15 жылда салған инвестициясымен парапар.

Атап айтқанда, 2,1 миллиард доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар энергетика саласына, 1 миллиард доллар көлік инфрақұрылымына, 1,1 миллиард доллар қаржы секторына бағытталды. Цифрландыруды дамытуға және жасанды интеллект технологиясын енгізуге айрықша мән беріліп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мемлекет басшысы қаржы институты қызмет көрсететін аймақтардың айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл жаңа бастамаларды іске асырып, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Николай Подгузов Қазақстан экономикасын орнықты дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік пен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.

Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі

Соңғы жаңалықтар