Олжас Бектенов энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Жиында Энергетика министрлігі, «Самұрық-Энерго», KEGOC және энергия өндіруші ұйымдар Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде жүргізіп жатқан қазіргі инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа қуаттарды генерациялау жөніндегі жұмыстардың орындалу қарқынын талқылады.
Энергетика министрлігі ауқымды инвестициялық жоспарды жүзеге асырудың практикалық кезеңіне көшіп жатыр. Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 13 трлн теңгеден асатын және қуаты 15,3 ГВт болатын 81 жоба бойынша жұмыс басталған. Іске қосылып жатқан жобалардың едәуір бөлігі электр қуаты нарығының тетігі арқылы жеке инвестицияларды тікелей тарту есебінен жүзеге асырылып жатыр.
Энергетика министрлігі: Желтоқсан айында КҚК арқылы мұнай жөнелту көлемі төмендеді
Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады.
«Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады», деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.Министрлік мәліметінше, 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам қуат өндіру көздері іске қосылады. Жиында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов баяндама жасады.
Қосалқы станса энергия тапшылығынан құтқарады
Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды.
«Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан, барлығыңыз күш жұмылдыруыңыз керек. Барлық жоспарланған жоба белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзіліс, кейінге қалдыру болмауы керек. Министр, «Самұрық-Энерго» және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз – кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында», деп атап өтті Олжас Бектенов.
Энергия тапшылығы: Мәселені шешудің мүмкіндігі