Алматы облысында «Respublica» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров бірқатар өндірістік нысандарды аралап, кәсіпкерлермен экономиканы дамыту, жұмыс орындарын құру және өңірлік кластерді қолдау бойынша мемлекет жүргізіп жатқан саясатты талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Алдымен депутат Алатау қаласындағы «PENOPLEX (ПЕНОПЛЭКС) ҚР» ЖШС-на ат басын тіреп, жылу сақтағыш құрылыс материалдарын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорын өнімді тұрғын құрылысы үй нарығына, коммерциялық және инфрақұрылым нысандарын салушы компанияларға жеткізеді, сол арқылы импортты алмастыруға, өнеркәсіп өндірісін қалыптастыруға үлес қосып келеді.
Кәсіпкерлермен әңгіме барысында әділ салық, мемлекеттік және корпоративтік сатып алу кезінде отандық құрылыс материалдарын ілгерілету, жеткізу тізбегіндегі қазақстандық үлесті ұлғайту және жергілікті өндірушілердің тауар белгілерін қорғау мәселелері көтерілді.
Импортты азайтуға мүмкіндік мол
Сондай-ақ Айдарбек Қожаназаров темірбетон шпал мен құрылыс материалын шығаратын кәсіпорынға, сусын шығаратын зауытқа барды.
– Өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған басымдықтарға толық сәйкес келеді. Мемлекет басшысы нақты секторды қолдау, шикізаттық емес индустриян дамыту және орнықты экономикалық өсуді қалыптастыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Былтырғы Жолдауында Алатау қаласына Үкіметке тікелей бағынатын арнайы мәртебе беру қажеттігін айтты. Бұл артықшылық емес, бұл – осы жобаны жүзеге асыруға және инвестиция тартуға ықпал ететін құрал. Алатау өңірдегі алғашқы толыққанды цифрлық қалаға айналып, технологиялық прогрестің және өмір мен жұмысқа қолайлы ортаның символы болуға тиіс, – деп атап өтті депутат.
Сапар қорытындысы бойынша «Respublica» парламенттік фракциясының депутаттары салалық ведомстволармен бірлесіп халықтың және кәсіпкерлердің сұраныстары бойынша жұмысты жалғастырады.
Импорт күшейді, ал экспорттық табыс азайып бара жатыр