• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өшпес даңқ 13 Қаңтар, 2026

Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды

10 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында 99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Қорғаныс саласы өкілдері майдангерге ерлігі үшін құрмет көрсетіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

«Сіз халқымыздың қаһармандық тарихының тірі куәгері ретінде ерлік, намыс пен қайсар рухтың жарқын бейнесісіз. Сізге алғысымызды білдіріп, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі алдында басымызды иеміз», деді әскери бөлім командирі 1-ші дәрежелі капитан Есенғали Байботаев.

Министрліктің мәліметінше, Василий Иванович І Қиыр Шығыс майданы құрамында соғысқан. Кіші сержант шеніне дейін көтерілген. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Г.К.Жуков», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Майдангер тұратын үйдің ауласында Әскери-теңіз күштерінің оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, аға буынның ерлігін еске түсірді. Ардагер тебіреніп, әскери қызметкерлерге батасын берді.

Майдангер отандастарымызға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды

Соңғы жаңалықтар