• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2026

Лайықты баға және Венецияға жолдама

10 рет
көрсетілді

Екі жылда бір рет өтетін ең беделді халықаралық көрме Венеция биенналесіне Қазақстаннан баратын жоба белгілі болды. Биыл 61-ші Венеция биенналесі мамыр айының 9-ы мен қарашаның 22-сі аралығында таныстырылады екен. Осы мерзімде Қазақстанның Ұлттық павильоны Биеннале бағдарламасы аясында ұсынылады.

Күні кеше Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі 61-ші Вене­ция биенналесіндегі Ұлт­тық павильонға арнал­ған кура­торлық ұсыныстар кон­курсының қорытындысын жариялады. Еске сала ке­тейік, конкурс 2025 жылдың қараша айында жарияланып қойған. Ондағы мақсат – биылғы Биенналеде «In Minor Keys» тақырыбын ашатын, тұжырымдамалық және көркемдік тұрғыдан біртұтас жобаны іріктеу және Қазақстанның заманауи өнерін халықаралық деңгейде таныстыру. Аталған байқау­да дауыс беру нәтижесі бо­йын­ша «ҚОҢЫР: архив үні» тұжы­рымдамасы жеңімпаз атанды. Жобаның кураторы – Сырлыбек Бекботаев.

Конкурс ұлттық павильонды дайындауда ашық әрі тұрақты тәжірибені қа­лыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Өті­нім­дер бір ай бойы қабылданды. Іріктеу екі кезеңнен тұр­ды. Бірінші кезеңде ұсы­ныл­ған материалдарға сарап­та­ма­лық бағалау жасал­ды, ал екінші­сінде финалистермен онлайн-сұхбат жүргізілді.

Бірінші кезеңнің финалына үш жоба өтті. Екінші кезеңде қазылар алқасы әр­бір финалиспен онлайн-сұх­бат өткізіп, талқылау қоры­тын­дысы бойынша ақтық дауыс беру парақтарын толтырды.

Іріктеу комиссиясы пән­аралық сараптама қа­ғи­даты бойынша құ­ры­лып, оның құрамында заманауи өнер, өнертану, тәуел­сіз театр мен музыка сала­ларындағы жергілікті және халықаралық маман­дар, сондай-ақ акаде­мия­лық қа­уымдастық пен мемле­кеттік музейлер өкіл­дері отырды.

Конкурсқа кураторлар мен кураторлық топтарға ел аза­маттары, куратор­лық қыз­мет тәжірибесі бар ма­мандар шақырылды. Қазақстанда тұ­­ратын және жұмыс істей­тін үміт­кер­лерге басымдық берілді. Халық­аралық көрме­ге жолдама алған Сырлыбек Бек­ботаев – суретші әрі ку­ра­тор, Астана қаласында тұ­рып жұмыс істейді. Оның шы­ғармашылығы мен мол тәжі­рибесі көшпелілер өмірі мен мәдени мұра тақы­­ры­бына арналған. 2025 жылы ол Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситетін «Мәде­ниет­тану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Венеция биенналесі 1895 жылдан бастап Вене­ция­да екі жылда бір рет өткі­зілетін ең беделді халық­аралық көрмелердің бірі екенін атап өткен жөн. Бұл айтулы оқиға әлемдік өнер­дің даму бағытын айқын­дай­ды, сондай-ақ заманауи трендтерді кеңінен ­та­ныс­­тырады. 

Соңғы жаңалықтар