• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2026

ҚМДБ: желідегі оқырман санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

40 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі әлеуметтік желідегі парақшалардың жазылушылар санын ақыға арттыру мәселесіне қатысты пәтуа жариялап, оқырман санын жалған (бот) аккаунттар арқылы көбейтуге және оған ақы төлеуге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҚМДБ түсіндіруінше, фолловер (follower) – әлеуметтік желіде белгілі бір парақшаға жазылып, жарияланатын жазбалар мен фото-видео контентті бақылап отыратын қолданушы.

Пәтуада оқырман санын арттырудың екі тәсілі көрсетілген.

Біріншісі – шынайы жазылушылар арқылы көбейту. Бұл жағдайда қызмет көрсетуші тарап белгілі бір аккаунтты немесе жазбаны жарнамалап, кеңінен тарату міндетін алады. ҚМДБ мұны қызмет көрсетуге жалдау келісіміне ұқсас екенін атап өтіп, шариғатқа қайшы келмейтін жолдармен жүзеге асса, мұндай қызметке ақы төлеуге рұқсат етілетінін жеткізді.

Ақтау тұрғыны әлеуметтік желіде ет сататын жалған парақша ашып, пайда тапқан

Екіншісі – жалған (бот) аккаунттар арқылы арттыру. ҚМДБ мұндай әрекет нақты адамдардың қатысуынсыз қолдан жасалатындықтан алдамшылыққа жататынын және бұл үшін ақы алу «кісі ақысын жеу» ретінде бағаланатынын мәлімдеді. Осыған байланысты бот аккаунттар арқылы фолловер санын көбейтуге де, оған ақы төлеуге де тыйым салынатыны айтылды.

Ғұламалар кеңесі тапсырыс беруші бұл әрекетті біле тұра жасатса, күнәнің ауырлығы арта түсетінін де ескертті.

Әлеуметтік желіде ең белсенді спортшы кім?

Шешімге сәйкес:

– оқырман санын шынайы қолданушылар арқылы, шариғатқа қайшы келмейтін тәсілдермен арттыруға болады – оқырман санын жалған, бот аккаунттар арқылы көбейтуге және оған ақы төлеуге тыйым салынады.

Айта кетейік, Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әнімен әлеуметтік желіні тәнті етті.

Соңғы жаңалықтар