Меңдіқара ауданына қарасты Тарасовка ауылында 1926 жылғы 10 қаңтарда дүниеге келген майдангер Ділдәбек Нұрышевті қалалық ардагерлер кеңесі мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Барлық балалар сияқты жарқын болашақ туралы армандап өскен ол соғыс басталған кезде небәрі 15 жаста екен. Бірден майданға аттанғысы келсе де, жас мөлшері сәйкес келмеген. Әскерге шақыру қағазын 18 жасында алған.
Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады
Содан кейін Чебаркуль қаласында әскери дайындықтан өтіп, майданға жіберілген. Ол Одер өзеніндегі ұрыстарға қатысып, Жеңіс туралы хабарды Кёнигсберг қаласында естіген. Демобилизация басталған соң Польшаға жіберіліп, 1950 жылға дейін қызмет атқарған.
Әскерден оралғаннан кейін Ділдәбек Нұрышев өндіріс саласында еңбек еткен. Отбасын құрып, 5 бала тәрбиелеп өсірген. Ардагер «енді ешқашан соғыс болмаса екен» деп тілейді.
Әскерилер майдангерді қос мерекемен құттықтады