«Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерлетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына» өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Енгізілген өгерістерге сәйкес енді отандық кәсіпорындарға ел ішінде теміржол арқылы басым тауарларды тасымалдауға жұмсалған шығындардың 50%-на дейін өтемақы беріледі. Өтемақының ең жоғары мөлшері 10 мың айлық есептік көрсеткішті (43,25 млн теңге) құрайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұған дейін елімізде ішкі теміржол тасымалдарын мемлекеттік қолдау шаралары қолданылмағанын атап өтті.
Жаңа бастама өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Қазақстан май экспортынан 532 млн доллар табыс тапты
Сонымен қатар халықаралық өнімді сертификаттау шығындарын өтеу көлемі де бес есе ұлғайды. Бұрын мемлекет 3 000 АЕК-ке дейін өтемақы берсе, қазір – 15 000 АЕК-ке дейін артып, шамамен 65 млн теңгені құрап отыр. Халықаралық сертификаттардың болуы елдегі компанияларға трансұлттық құрылымдардың тендерлік рәсімдеріне қатысуға және экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тоқаев: Қазақстан Азия үшін ет өнімдерінің ірі экспорттаушысы бола алады
Сондай-ақ, «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына» бірқатар өзгерістер енгізілді. Салық көрсеткіштері бойынша талаптар жеңілдетілді. Соған сай енді жыл сайынғы салық түсімінің өсу шарты жеті жылдан аз тіркелген кәсіпорындарға қолданылмайды (бұрын бұл мерзім үш жылдан аз болған). Бұл жаңа өндірістердің жобалық қуатқа шығу мерзімін ескеріп, мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін арттырады.
Айта кетейік, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерлетуге жұмсалған шығындарын өтеу бойынша оператор. 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 1 млрд 436 млн теңгеден астам сомадағы шығындарын өтеді. Мемлекеттік қолдау шамамен 60 кәсіпорынға көрсетілді.
Мұнай өндіру мен экспорт жоспардан асты
Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толық ақпарат http://www.qazindustry.gov.kz ресми сайтында жарияланады.