«Алматы – Бішкек» күрежолының 86-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Alphard» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған, деп жазады Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды, ал тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін СҚО-да жол апатынан үш адам жарақат алғанын хабарлағанбыз.
Ал Жапонияның Гумма префектурасы аумағында жаппай жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 56 автокөлік соқтығысқан.