• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2026

Былтыр ІІМ 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың алдын алды

20 рет
көрсетілді

2025 жылы құзырлы органдар байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттап, 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтыққа қатысты қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді.

Былтыр Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан 7 call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Бұдан бөлек, ел аумағында тағы осындай 6 орталықтың қызметі жойылды.

Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Интернеттің дамуына байланысты «дәстүрлі» қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлық интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолданып жатыр. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық іс-шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді», делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар