Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бүгін сағат 10:15 шамасында Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 км жерде жер асты дүмпуі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Көрсетілген аумақ Жамбыл мен Алматы облыстарының шекарасына тұс келеді.
Жер сілкінісінің күші 3,7 балды құраған.
«Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша – 43,76 градус, шығыс бойлық бойынша – 75,15 градус.
Магнитудасы mpv = 3,7.
Энергетикалық класc K = 8,8», делінген Қазақстан ұлттық деректер орталығы таратқан хабарламада.
Жер сілкінісі кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
Бұған дейін 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезгенін хабарлағанбыз.
Ал 2 қаңтар күні Мексикада магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды.