• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Желтоқсан, 2025

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара уақытша жабылады

20 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының ҰҚМК Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы Қазақстанмен шекарада азаматтар мен автокөліктердің өтуі уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 30 желтоқсан күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін «Чоң-Капка – автожол» өткізу бекеті арқылы адамдар мен автокөлік құралдарын өткізу тоқтатылады.

Ведомствоның мәліметінше, «Чоң-Капка – автожол» өткізу бекеті Қырғыз Республикасының Талас облысында, қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасында орналасқан.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Шекара қызметі азаматтарды Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жақын маңдағы өзге өткізу бекеттерін пайдалануға шақырды.

Соңғы жаңалықтар