• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Желтоқсан, 2025

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейді

20 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрі қол қойған бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізімі 19-дан 31 атауға дейін ұлғайтылды. Құжат жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік себетіне жан-жақты талдау жүргізіп, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік беретін шараларды анықтауды тапсырған болатын.

Кейінірек Олжас Бектенов инфляцияның негізгі себебі – азық-түлік бағасының өсуі екенін айтып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін уақытша кеңейту бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар