• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 23 Желтоқсан, 2025

АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады

70 рет
көрсетілді

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады.

АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Вашингтонға сапармен барып, АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізді.

Ресми кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелескен еді. 

Президент сапар барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті. 

Соңғы жаңалықтар