• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфляция 17 Желтоқсан, 2025

Жылдық инфляция көрсеткіші 12,4%-ға дейін бәсеңдеді

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция көрсеткіші 12,4%-ға дейін бәсеңдеді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл өзгеріске Үкімет тарапынан қабылданған әкімшілік шаралар тікелей ықпал еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Банк төрағасының айтуынша, баға өсімінің баяулауына ең алдымен тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің төмендетілуі себеп болған. Дегенмен, инфляция құрылымында әлі де азық-түлік тауарлары басымдыққа ие, олардың жылдық өсімі 13,4% құрады. Сонымен қатар, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11,2 %-ға, ал ақылы қызметтер 12,3 %-ға өскен.

Тимур Сүлейменов жанар-жағармай нарығын ырықтандыру мен кейбір тарифтердің көтерілуі инфляциялық күтулерге әлі де жанама әсер етіп отырғанын атап өтті.

«Қарашадағы айлық инфляция 0,8 % деңгейінде қалыптасты, бұл тарихи орташа көрсеткіштерден төмен. Десе де, ішкі сұраныстың жоғарылығы мен фискалдық ынталандыру шаралары бағаға белгілі бір деңгейде қысым жасап тұр», деді Ұлттық банк басшысы.

Соңғы жаңалықтар