Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты, деп жазады Egemen.kz.
Отандасымыз алтын жүлдені ресейлік Исмаил Муцольговпен сарапқа салды.
Жекпе-жек барысында отандасымыз белсенді қимыл көрсетуге тырысты. Қарсыласына көбірек соққы жұмсауға күш салды. Десе де ол қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.