• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2025

Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды

50 рет
көрсетілді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облыстық департаменті биыл облыс көлемінде 62 кәсіпорынға мониторинг жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 58 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент басшысы Әліби Тұрысбаевтың мәлімдеуінше, атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 55 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

«Биыл жыл басынан бастап департамент тарапынан еліміздің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу деректері бойынша 4 тергеу жүргізілді. Департамент қызметкерлері жүргізген тексерістер нәтижесінде 80 әкімшілік хаттама толтырды», деді Ә.Тұрысбаев.

Сондай-ақ Кентау қаласындағы «Кентау-Сервис» КММ-ға жүргізілген тексеру барысында 1 текше метр жылыту алаңы үшін бағаны 33 теңгеден 125 теңгеге дейін негізсіз көтергені анықталған. Аталған жайт бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 34 млн теңгеден асатын әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушылықты жою жөнінде нұсқама шығарылды. Осы іс бойынша департаменттің пайдасына сот шешімі шығарылған.

Соңғы жаңалықтар