• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Желтоқсан, 2025

Атырауда автобус қаққан 6 жасар бала оқиға орнында көз жұмды

230 рет
көрсетілді

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау қаласындағы Байтақ-2 шағын ауданында Daewoo маркалы автобус жолдан өтіп бара жатқан 6 жасар баланы қағып кетті. Жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды. Автобустың рульінде 58 жастағы жүргізуші болған», деп ақпарат берді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар