• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым 07 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында 19 ауылдың ауыз су мәселесі шешілді

110 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Президент тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында жалпы сомасы 13,9 млрд қаражат бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, өңірдегі елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы талапқа сай жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде орталықтандырылған таза ауыз су құбырын жүргізу бойынша 19 елді мекенде және 5 тұрғын алаптың құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 3 елді мекен мен 4 тұрғын алаптың құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдау-тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған 2 нысандағы құрылыс көлемі 90 пайызға дейін аяқталып отыр. Жалпы барлық нысандардағы құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда. Жыл соңына дейін барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғындар 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады», дейді басқарма басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар