• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Желтоқсан, 2025

Алматыдағы жол апатынан қайтыс болғандардың бесеуі – спортшылар

40 рет
көрсетілді

Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуовтың айтуынша, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан жеті адамның бесеуі – Сурдлимпиада ардагерлері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Арсен Шакуов Facebook-парақшасында жазды. 

Қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімдері:

Асыл Ибрайымов – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы. Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы. Сәкен Смағұлов – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі. Сергей Волковинский – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі. Серік Молдашев – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар