«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 1 желтоқсанда республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжамға сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсері сақталады. Ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.
Республика бойынша тұман түседі, ал оңтүстік-шығыста желдің екпіні күшейеді.
Айта кетейік, бұған дейін биылғы қыс еліміздің көп өңірінде климаттық нормадан ауытқымайтынын, аса қатқыл мінез танытпайтынын жазған едік.