• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы ұсталды

20 рет
көрсетілді

23 қарашада ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қонға байланысты әрекеттің алдын алды. Тексеру кезінде жүк көлігіндегі құрылыс материалдарының арасынан 10 шетелдік азаматты анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сай өзге мәліметтер жария етілмейді.

ҰҚК Шекара қызметі заңсыз көші-қон ұйымдастыру немесе оған қатысудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды шекарадан заңсыз өтуге бағытталған кез келген әрекеттен аулақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар