7 облыста балалар арасында ЖРВИ мен тұмау өршіп, кейбір мектептер уақытша қашықтан оқыту форматына көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда 132 мектептің 1469 сыныбы қашықтан оқуға көшкен. Олар:
Астана – 182 сынып, Шығыс Қазақстан – 204 сынып, Абай облысы – 276 сынып, Жамбыл облысы – 598 сынып, Қостанай облысы – 168 сынып, Ақмола облысы – 21 сынып, Қарағанды облысы – 20 сынып.Бас Мемлекеттік Санитарлық Дәрігер Сархат Бейсенова атап өткендей, егер сыныптағы балалардың 20%-дан көбі ауырып тұрса, онда сынып кабинетті жүйеге көшеді. Ал, 30%-ы ауырған жағдайда сынып түгел қашықтан оқиды.
Қазір барлық өңір бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.