• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Туризм 13 Қараша, 2025

Түркістанға Өзбекстаннан келетін туристер саны артты

40 рет
көрсетілді

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп, деп жазады Egemen.kz.

Оның ішінде Өзбекстаннан келетін туристер саны да айтарлықтай артқан. Егер 2024 жылы 12,5 мың өзбекстандық азамат келсе, биылғы 9 айда олардың саны 26 мыңнан асты.

Өңірдің басты нысандарының бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Сонымен қатар облыс аумағында 1 780-нен астам тарих және мәдениет ескерткіші, 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. Түркістан қаласында жылына 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Облыс әкімдігі Түркістан мен Өзбекстанның қалалары арасында жаңа тікелей әуе рейстерін ашуды қолдауға дайын. Соның ішінде Түркістан – Үргеніш – Түркістан бағытын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ автокөлік және теміржол қатынасын жақсартуды, туристік бағыттарды дамытуды және туристердің шекарадан ыңғайлы өтуі үшін «жасыл дәліздер» ұйымдастыруды қамтитын бірлескен көлік-логистикалық жобаларды дамытуға да мүдделі.

ТҮРКІСТАН

Соңғы жаңалықтар