Астанада болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Ақпаратты Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, Chery Tiggo маркалы автокөліктің жүргізушісі Керей мен Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай, көше шамының бағанасына соғылған.
«Соққы салдарынан көлік аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.