• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қараша, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды

80 рет
көрсетілді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты», деп жазылған хабарламада. Внуково әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды. Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейде мемлекеттік сапармен болды. Президенттер кеңейтілген құрамда келіссөз өткізіп, Оралдағы XXI өңіраралық форумға бейнебайланыс арқылы қосылды.   Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.   Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.   Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасады. Содан кейін Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды.
Соңғы жаңалықтар