Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне өзгеріс енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Жаңартылған тізімге енген ауру түрлері:
– туберкулез,– АИТВ (ВИЧ) инфекциясы,– созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы,– қатерлі ісіктер,– психикалық және мінез-құлық бұзылыстары,– жедел миокард инфаркті (алғашқы алты ай ішінде),– сирек (орфандық) аурулар,– жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары,– орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары,– эпилепсия,– цереброваскулярлық аурулар (инсульттер) – бір жыл бойы.
Бұған дейін бұл тізімде қант диабеті, ревматизм және балалардың церебралды сал ауруы (ДЦП) болған еді.
Жаңартылған бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.