• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Қазан, 2025

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады

50 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бейсенбі, 30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде аспанды бұлт торлайды. Дегенмен оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, жайлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнгі температура −2…−4 °C шамасында болса, күндіз ауа +12…+14 °C-қа дейін жылынады.

Алматыда күн ашық, түнде +7…+9 °C, ал күндізгі температура +15…+17 °C аралығында күтіледі.

Шымкентте ауа райы жылы әрі жайлы: аспан бұлтты болғанымен, жауын жаумайды. Түнде +5…+7 °C, күндіз +21…+23 °C шамасында болады.

Ақтауда жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнгі ауа температурасы +11…+13 °C, күндіз +15…+17 °C.

Ақтөбеде күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде +5…+7 °C, күндіз +10…+12 °C.

Атырауда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде +10…+12 °C, күндіз +12…+14 °C.

Оралда жаңбыр мен тұман күтіледі. Түнде +6…+8 °C, күндіз +10…+12 °C.

Орталық және солтүстік облыстарда жауын-шашынсыз, алайда түнде суық түседі. Жезқазғанда күн ала бұлтты. Түнде −1…+1 °C, күндіз +15…+17 °C.

Қарағандыда түнде 1–3 градус аяз, күндіз +12…+14 °C.

Көкшетауда жауын-шашынсыз, түнде +1…+3 °C, күндіз +13…+15 °C.

Қостанайда күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде +3…+5 °C, күндіз +12…+14 °C.

Павлодар мен Петропавлда күн ашық, түнде 0–2 °C аяз, күндіз +12…+14 °C.

Шығыс өңірлерде ауа райы тұрақты, кей жерлерде тұман түседі. Семейде және Өскеменде түнде 2–4 °C аяз, күндіз +9…+12 °C.

Ал, Талдықорғанда түнде 0…+2 °C, күндіз +17…+19 °C. Қонаевта түнде +6…+8 °C, күндіз +15…+17 °C.

Тараз бен Түркістанда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Түнде +5…+7 °C, күндіз тиісінше +16…+18 °C және +21…+23 °C.

Қызылордада жауын-шашынсыз жылы күн күтіледі: түнде +3…+5 °C, күндіз +19…+21 °C.

 

Соңғы жаңалықтар