• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қазан, 2025

Ауыр атлет Азия додасында екі жүлде еншіледі

50 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында отандасымыз қоржынға екі медаль салды, деп жазады Egemen.kz.

Ксения Прозорова серпе көтеруде 108 келіні еңсеріп, күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол жұлқа көтеруде де күміс жүлдегер атанған еді.

Аталған сайыста жеңімпаз болған Қытай өкілі Чжу Цайюнь (111 келі). Ал үшінші орын Иран спортшысы Части Седигхиға (105 келі) бұйырды.

Соңғы жаңалықтар