• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қазан, 2025

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

71 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша, 23 қазан күні Астана уақытымен сағат 12:20-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 136 шақырым қашықтықта анықталған.

Магнитудасы 4,9 баллды құрады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі сезілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта өңірдегі сейсмикалық жағдай тұрақты. Қаланың инфрақұрылымына және тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар