• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2025

Атырауда төтенше жағдайлар департаментіне 91 арнайы көлік сатып алынды

70 рет
көрсетілді

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникамен қамтамасыз ету деңгейі 82,8 пайызды құрайды, деп жазады Egemen.kz.

Департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының мәліметіне қарағанда, қазір департаментте 245 техника, 38 жүзу құралы, 23 аспалы мотор бар. Ал биыл жергілікті бюджеттен 91 техника, 1 жүзу құралы, 10 мотопомпа сатып алынған.

«Биік ғимараттарда болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға фин өндірісінің VEMA автосатысы қолданылады. Бұл сатымен 70 метр биікке көтеріліп, 500 килоға дейінгі жүкті көтеруге болады. Су мен көбік беруге арналған заманауи жүйемен жабдықталған», деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

 

Соңғы жаңалықтар