Биыл мұндай пойыздар тағы үш бағытта пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел «Әйелдер вагоны» қызметін қолданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:
№ 354/353 Астана – Семей, № 24/23 Актобе – Алматы, № 25/26 Алматы – Шымкент.Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны қатынап жүр:
№ 77/78 Алматы – Маңғыстау; № 351/352 Алматы – Өскемен; № 45/46 Павлодар – Түркістан; № 37/38 Маңғыстау – Семей; № 47/48 Атырау – Астана; № 33/34 Ақтөбе – Алматы-1; № 4/3 Астана – Алматы-2; № 71/72 Астана – Шымкент.