«Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінен 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары», деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысындаМинистрдің айтуынша, ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 2,5 миллион тоннаны құраған.