• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 26 Желтоқсан, 2020

Мемлекет басшысы бюджетке қатысты заңға қол қойды

160 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетке қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген ақпаратта.

Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы сенатта 2020 жылдың желтоқсанында мақұлданды.

Заң жобасы бюджеттік заңнама мен бюджеттік процедураларды жетілдіру мақсатында әзірленген және мынадай мәселелерді шешуге бағытталған:

стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру; бюджет қаражатының экономикалық қайтарымын арттыру; бюджеттік жоспарлау сапасын күшейте отырып, мемлекеттік органдардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар