Ұйым мамандары, сондай-ақ, мектептер мен ауруханаларға шабуылдардың жиілеп кеткенін айтады. Былтыр Сирияда 145 білім ошағы мен 82 емханаға соққы жасалған екен.Жалпы, былтыр желтоқсанда Үкімет жасағы осы Идлиб провинциясында ауқымды әскери операция бастаған болатын. Салдарынан соңғы 5 күнде провинцияның 44 мың тұрғыны үйлерін тастап, Түркиямен арадағы шекараға қарай бас сауғалаған.