Астанада кәсіби мәдени қауымдастық өкілдері Конституцияның жаңа жобасын талқылады. Іс-шара жаңартылған заңның негізгі ережелерін жан-жақты қарастыруға бағытталған кең ауқымды қоғамдық диалог алаңына айналды.
Талқылауға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, мемлекеттік мәдениет, өнер, архив және білім беру саласындағы мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты. Жиын барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және қоғамның рухани құндылықтарын нығайту мәселелерін қамтитын конституциялық өзгерістерге қатысты негізгі қағидалар айқындалды.
Конституция негізін жаңарту жағдайында қоғамдық сананы қалыптастыруда, азаматтық жауапкершілікті дамытуда және ұлттық бірегейлікті нығайтуда мәдениет пен гуманитарлық саланың рөліне ерекше назар аударылды.
Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланованың айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясының жобасы елдің одан әрі дамуы үшін стратегиялық маңызға ие әрі мәдени мұраны сақтау саласында заманауи технологияларды қолдануға жол ашады.
«Конституцияның жаңа жобасы – бұл жай ғана кезекті құжат емес, мемлекет пен азамат арасындағы қазіргі қоғамдық келісімнің негізі. Еліміз үшін бұл – айрықша маңызды кезең. Бүгінде мәдениет саласының өкілдері болашақ ұрпаққа мәдени және тарихи мұраны сақтау мен жеткізу бағытында, соның ішінде Конституцияның 3 және 40-баптарында көзделген цифрлық шешімдер мен жаңа технологияларды қолдана отырып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы жариялаған Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында біз негізгі заң талаптарын заманауи құралдар мен тәсілдерді пайдалана отырып, жүйелі түрде іске асырып келеміз», деп атап өтті ол.
Талқылау қорытындысында қатысушылар Конституциясының преамбуласын бірауыздан қолдап, оның өзектілігін, қоғамдық сұранысқа қажеттігін және елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталғанын сөз етті.
Айта кетейік Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Конституциялық өзгерістерді іске асырудағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың 30-дан астам өкілі, сондай-ақ білім беру, адам құқықтарын қорғау, цифрландыру, экология және өңірлік даму салаларындағы сарапшылар қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар конституциялық өзгерістер қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтитынын атап өтіп, оларды түсіндіруде және халықты реформалар үдерісіне атсалысу бойынша азаматтық сектордың маңызды рөл атқаратынын талқылады. Жастарды қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау, өңірлерді дамыту, цифрландыру және елдің зияткерлік әлеуетін арттыру бағыттарында азаматтық институттардың үлесі ерекше екені сөз болды.
Оған қоса реформаларды іске асыруға азаматтарды кеңінен тартудың тиімді тетігі ретінде «Қазақстанның Халық кеңесі» ұйымының маңызына ерекше тоқталды. Жиын аяғында азаматтық қоғамның белсенділігі конституциялық реформалардың сапасын арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты әрі ашық диалогтің дамуына ықпал ететіні атап өтілді.
Ал Ақмола облысының Қосшы қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және кешенді реформалар» тақырыбында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сараптамалық кездесуі ұйымдастырылды. Сараптамалық кездесуде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, шара модераторы Гүлісхан Нахбаева жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талдауға, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамға бағдарланған моделіне көшуді көрсететін, сондай-ақ қоғамдық диалог институттарына қатысты және шешім қабылдау үдерістеріндегі жастардың рөлін қозғайтын жүйелі реформаларды талқылауға бағытталғанын жеткізді.
Отырыста сөз алған Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әділеттілікте болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттарына негізделгеніне кеңірек тоқталды. Кездесуде Конституциялық реформалар, мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыты бойынша Сенат депутаты Геннадий Шиповских, заңнамалық реформалар мен олардың қоғамдық маңызы жөнінде Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова, конституциялық өзгерістердің ғылыми-құқықтық негіздері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Әбдірасілов, қоғамдық келісім, қоғамдық диалог және жастардың әлеуметтік үдерістер тұрғысынан Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова, «Жаңа конституциялық реформалар: мемлекеттік басқару жүйесінің трансформациясы» тақырыбында Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қорытынды-аналитикалық сектор меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Дастан Көшербаев ауқымды мәселелер талқылады.