• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Пікір Бүгін, 09:13

Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы

10 рет
көрсетілді

Елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістер – уақыт талабынан және қоғамның даму деңгейінен туындаған заңды үдеріс. Бұл реформалар жекелеген нормаларды жаңартумен шектелмей, мемлекеттің саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындауға бағытталған. Мұндай жағдайда өзгерістердің саны емес, олардың ел болашағына тигізер нақты және тұрақты әсері басты мәнге ие.

Аталған өзгерістер тек саяси-құқықтық сипатта ғана емес, сонымен қатар айқын экономикалық мазмұнға да ие. Өйткені Конс­ти­­туция елдегі әлеуметтік-эко­но­ми­калық шешімдер қабыл­дана­тын құқықтық және басқа­ру жүйесінің негізі саналады. Мем­лекеттік басқарудың айқын­дығы, билік тармақтары арасын­дағы жауапкершіліктің нақты бөлінуі, құқықтық нормалардың тұ­рақты­лығы – экономикалық сая­сат­­тың тиімділігі мен болжам­дылы­ғын қам­тамасыз ететін негізгі факторлар.

Ең алдымен, Парламенттің рөлін күшейту және билік тар­мақ­тары арасындағы өкілеттік­терді қайта бөлу басқару жүйесін­дегі тепе-теңдікті арттырады. Эко­­но­микалық тұрғыдан ал­ғанда, бұл тәуекелдердің төмен­деуіне, заңнамалық шешімдер­дің сапа­сының артуына және қабыл­данатын саясаттың бірізді болуына ықпал етеді. Мұндай ортада бизнес пен инвесторлар үшін ұзақмерзімді жоспар­лау мүмкіндігі кеңейіп, эконо­мика­лық белсенділікке деген сенім нығаяды. Бұл үрдіс шетелдік инвесторлардың Қа­зақстан экономикасына деген қызығушылығына да оң әсер етеді.

Өзгерістердің маңызды бағыт­т­арының бірі азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтарын қор­ғауды күшейту болып отыр. Эко­номикалық теория тұр­ғысынан меншік құқықта­рының қорғалуы, еңбек ету құқығының сақталуы және әділ сотқа қолжетімділік тұрақты экономикалық өсім мен кәсіпкерліктің дамуының негізгі шарттары екені рас. Құқық үстем­дігі орныққан қоғамда іскер­лік белсенділік артып, жаңа экономи­калық бастамаларға жол ашылады.

Сонымен қатар билік тар­мақтары арасындағы өзара бақы­лау мен жауапкершілік тетік­терінің нығаюы мемлекеттік бас­қарудың тиімділігін арттыруға және бюджеттік тәртіпті күшей­туге мүмкіндік береді. Ұзақмер­зімді перспективада бұл мем­лекеттік шығыстардың сапасын жақсартуға, әлеуметтік бағ­дарламалардың нақты нәтиже­ге бағытталуына және өңірлік да­мудағы теңгерімді сақтауға ықпал етеді.

Тағы бір маңызды нәтиже мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершіліктің күшеюі­мен байланысты. Бұл жағдайда Конституция формалды құжат ретінде емес, азаматтардың күн­делікті өмірінде нақты мәні бар құқықтық негіз ретінде қабылдана бастайды. Азаматтардың қоғам­дық үдерістерге саналы түрде қатысуы, заңға құрметпен қарауы және ел болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінуі қоғам дамуының сапалық деңгейін айқындайды.

Осындай азаматтық жауап­кершілікке негізделген патриотизм дамыған демократиялық мемлекеттерге тән. Ол ұрандар арқылы емес, заңды сақтау, қоғамдық міндеттерді адал орындау және елдің ұзақмер­зімді дамуына үлес қосу арқылы көрініс табады. Қазақстанда жүргізі­ліп жатқан конституциялық жаңғыру дәл осы бағытты көздейді.

Жалпы алғанда, Конституция­ға енгізілетін өзгерістерді тұрақ­ты, ашық және экономикалық тұрғыдан тиімді мемлекеттік бас­­қару жүйесін қалыптастыру жолын­дағы маңызды қадам ретінде бағалауға болады. Бұл ре­фор­малар­дың нәтижесі бірден бай­қал­мауы мүмкін. Алайда олардың бас­ты құндылығы елдің ұзақмер­зімді ұлттық мүдделеріне және болашақ ұрпақ алдындағы жауап­кершілікке бағытталуында болып отыр.

 

Жанна ЕРМЕКОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының міндетін атқарушы 

Соңғы жаңалықтар