• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

ЖИ-аватар

20 рет
көрсетілді

Әлемге танымал тиктокер, италиялық-сенегалдық контент авторы Хаби Ламе ЖИ-аватарын сатуға аса ірі коммерциялық келісім жасады.

Мәліметке сәйкес, блогердің сырт келбетін, мимикасын және танымал контент стилін коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үш жыл мерзімге шамамен 1 млрд долларға жуық сомаға берілген. Келісім шартында оның жасанды интеллект негізінде цифрлық аватарын жасауға да рұқсат қарастырылған. Мұндай виртуал­ды бейне блогердің қатысуынсыз-ақ виде­о шығарып, жарнамалық және медиа­контент тарата алады. Сондай-ақ әртүрлі тіл мен уақыт белдеуіне бейімделген онлайн трансляциялар жүргізу мүмкіндігі бар. Мамандар бұл үрдісті инфлюенсерлер нарығындағы жаңа модель ретінде бағалап отыр. Яғни жеке тұлғаның медиа-бейнесі дербес цифрлық активке айналып, жарнама мен контент өндірісінде жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастайды.

 

Соңғы жаңалықтар