Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының азаматтарын шақырады.
Грант саны:
Бакалавриат - 25,
Магистратура - 125,
PhD докторантура - 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы - ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады. Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында мына сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://enic-kazakhstan.kz/fellowship_programme/universities