• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2017

Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің үшінші отырысы өтті

330 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.  

 

Іс-шараға Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвене­тадзе, Жоғарғы Соттың сот ал­қ­а­ла­рының төрағалары, Жоғар­ғы Сот жанындағы сот­тар­дың қыз­метін қамтамасыз ету де­пар­­таментінің басшы­лығы, сонымен қатар АХҚО  өкілдері қа­тысты.

Қ.Мәми іс-шараны ашып, Ұлт жоспарын іске асы­ру шең­­берінде АХҚО өз жұ­мысын 2018 жылғы қаң­тар­дан бастай­тынын атап өтті. Оның ау­мағында ха­лық­­ара­­лық деңгейдегі судьяларды тарта отырып, ағылшын құқы­­­ғына негізделген сот жұ­­мыс іс­тейтін болады. Өза­ра іс-қи­мыл мәселелері бо­йын­ша Жо­­ғарғы Сот судья­лары­­ның Ха­лықаралық орта­лығы бас­шы­лығымен және оның же­текші шетелдік кон­сультанттарымен  бірқатар кез­де­сулер өткізгендігі атап өтілді.

Іс-шара барысында ме­мо­ран­думның маңыздылығы, сонымен қатар Жо­ғарғы Сот пен АХҚО ара­сын­да­ғы ынтымақтастық туралы Англия және Уэльстің бұ­рынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф және АХҚО басқарушысы Қайрат Келім­бетов сөз сөйледі. 

Меморандум Қазақстандағы құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігін же­тіл­­ді­руге, сонымен қатар сот білімі саласындағы іс-ша­ра­ларға бағыт­талған  бірлескен бас­тамаларды іске асыру ке­зінде Жоғарғы Сот пен АХҚО арасындағы өзара іс-қи­мыл­дың негізгі бағыттары мен нысандарын айқындайды.

Соңында Жоғарғы Соттың Төрағасы Ұлыбританияның бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Вульфқа АХҚО қа­лып­тасуына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар