• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 03 Сәуір, 2017

Топ басында тайталас

162 рет
көрсетілді

Өткен жұма және сенбі күндері футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қа­зақ­­стан чемпионатының ке­зек­­ті туры өтті.

Аяқдоп ала­ма­нын­да жеке-дара көш бастап, жолын­дағы­сының бәрін жай­пап келе жат­қан «Қайсардың» бұл турда шал­ғысы тасқа тиді. Ал­маты­да «Қайрат­пен» күш сынас­­қан Сыр бойы футбо­лшы­ларының тең ойынға көнбеске амалы қалмады. Есепті алаң иелері ашқанымен (Гоу, 9-минут), матчтың 35-ші минутында «Қайсардың» капитаны Мақсат Байжанов қарымта гол соқты.

«Қайсардың» сүрінгені «Ор­­да­­басыға» олжа болды. Өз ала­ңында «Оқжетпеспен» ойна­ған оң­түс­тік­қазақстандықтар қо­нақ­тар қақпасына екі доп салып, үш ұпайды олжалады. Бұл ойын­да Алексей Петрушин ко­ман­­да­сынан Таңат Нөсербаев (57-ми­нут) пен Никита Бочаров (69-ми­нут) гол соққан болатын. Сөй­тіп, төрт турдан кейін 10 ұпай жинаған «Ордабасы» доп айыр­ма­шылығының арқасын­да «Қай­сарды» ығыстырып, топ бастады.  

Екпін алып келе жатқан «Ер­тіс» күтпеген жерден «Ақ­төбе­ге» жол берді. Сырт алаң­да ой­на­ға­ны­на қарамастан, Игорь Ра­хаев шәкірттері сенімді өнер көр­сетіп, қарсыластарын айқын басым­дықпен жеңді. «Ертістің» шабуыл­шысы Исмаэль Фофана матч­тың 55-минутында соқ­қан жал­ғыз допқа Жуниньо (64), Шес­таков (73), Зенькович (77) үш гол­мен жауап берді. Сөйтіп, үш тур­да жеңіс дәмін татпаған және бірде бір гол соқпаған «Ақтөбе» маңызды үш ұпайға  ие болды.

Бұл турда «Тобылдың» асы­ғы алшысынан түсті. Өз алаңын­да «Таразды» қабылдаған қоста­най­лықтар қажетті жеңіске қол жет­кізді. Ойын тағдырын 50-ми­нутта Джордже Деспотович соқ­қан жалғыз гол шешті. Сөй­тіп, «Тобыл» үшінші орынға көтеріліп, көш бастаушыларға біртабан жақындай түсті.

«Шахтер» мен «Астана» ара­сын­дағы матч Теміртау қала­сын­да өтті. Өкпек желдің өтін­де ой­наған футболшылар жа­сыл алаң үстінде көсіліп өнер көр­­­сете алма­ды. Алғашқы гол ойын­­­ның 63-ми­нутында соғыл­ды. Қара­ған­ды­лық Михаил Габы­шев­тің соққы­сы нысанаға дөп тиген. Бірақ, 88-ми­нутта Жу­ниор Кабананга есеп­ті теңес­тіріп кетті. Ал қосым­ша уақыт­та Сергей Скорых өз қақ­пасына гол соғып алып, «Астанаға» үш ұпайды қолдан берді. Сөйтіп, осыған дейін ала-құла ойнап келген елорда клубы биылғы маусымда тұңғыш рет үздік алтылықтың қатарына қосылды.

Көш соңындағы «Атырау» Орал­да «Ақжайықпен» ойнады. Тар­тысты өткен ойында коман­далар қос-қостан гол соғып, тең тарқасты. Бұл есеп олардың турнир кестесіндегі жағдайына бәлендей әсер ете қойған жоқ. «Атырау» баяғыша ең төменгі орында.

Келесі – 5-турдың ойындары 8 сәуір күні өтеді. Бұл күні «Аты­рау» – «Астана», «Ақтөбе» – «Ақ­жайық», «Оқ­жетпес» – «Ертіс», «Тараз» – Ордабасы», «Қайсар» – «То­был» және «Шахтер» – «Қай­рат» коман­да­­лары өзара күш сынасады.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар