• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Сәуір, 2017

Орталық Азия елдерінің әлеуеті зор

154 рет
көрсетілді

БҰҰ штаб-пәтерінде Орталық Азия мемлекеттерінің аталған ұйымға мүшелікке қабылданғанына 25 жыл толғанына орай брифинг өтті. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Орталық Азия аймағын­дағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғыз­стан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрік­мен­стан елдерінің деле­га­циялары қатысты.

Брифингте Орталық Азия елдерінің БҰҰ-дағы Тұ­­рақты өкілдері атынан Тү­рік­менстан елшісі Ақ­сол­тан Атаева кірі­спе сөз сөйледі. Оның айтуын­ша, Ор­­та­­лық Азия елдерінің ше­шуші даму ке­зең­­дері БҰҰ-ның түрлі сала­лар бо­йын­ша жаһандық жобалары мен бағ­дар­ламаларына қ­а­ты­суы­на, халықаралық қо­ғам­­дастықтың толық­қанды мү­шесі ре­тінде өз рөлін ны­ғайт­уы­на тікелей қатысты.

Басқосуда Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттері ара­сынан бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мү­шелікке қабылдануы ай­рық­ша атап өтілді. Бұдан бөлек, Ор­талық Азия елдерінің БҰҰ-ның Тұрақты даму ма­қ­сат­тары мен 2030 жылға дейін іс­ке асырылуы тиіс өзге де жа­һандық мәселелерге белсене араласып келе жатқаны сөз болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Питер Томсон өзінің құттықтау сөзінде Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ қыз­­метіндегі маңызды рө­лін­е тоқтал­ды. Оның сөзіне қа­рағанда, жаһан­дық әріп­тес­тікті нығайтуда, БҰҰ-ның мәдениетаралық, дін­ара­­лық, өр­кениет­аралық үн­қ­а­тысуды ілгерілетудегі жұ­мысына аймақ елдері бел­сене қатысуда. Сондай-ақ, Орталық Азия елдері жасыл энер­­гетиканы дамыту, азық-тү­лік қауіп­сіз­дігін қам­та­ма­сыз ету, ген­дер­лік тең­дікті сақ­­тау са­ла­ла­рын­д­а­ғы жо­ба­лар­ға да өз дең­гей­ін­де атса­лы­суда.

Айта кетейік, шараға БҰҰ Хат­­шылы­ғының басшы­лары мен қыз­мет­керлері, ұйым­ға мүше мемле­кет­тердің тұрақ­ты өкілдері, сарапшылар, іс­кер топ өкілдері және БҰҰ Ха­лық­аралық журналистер қау­ымдастығының мүшелері қатысты.

Шара соңында қонақтар назарына Орталық Азия мем­лекеттерінің БҰҰ тарапынан ұйым­дастырылған саммиттер мен ауқымды ша­раларға қа­тысу бары­сы бейнеленген та­рихи суреттер, сон­дай-ақ, ай­мақ елдерінің ұйым аясында көтерген маңызды бастамалары жөнінде мағлұматтар қойылған көрме ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар