• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2017

Өзбекстан мен Түркіменстанды жалғайтын жаңа көпір ашылды

Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері Шавкат Мирзиеев пен Гурбангулы Бердымухамедов Өзбекстанның шекарасы маңынан Әмудария арқылы өтетін Түркіменабат-Фараб атты жаңа теміржол және автокөлік көпірін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұзындығы 1 750 метрге дейін жететін теміржол көпірі қатты жер сілкінісіне төзімді және аса ауыр жүк тасымалдайтын пойыздарды есепке алып салынған. Көпірдің асты өзенге дейін – 10 метр, ал ені 60 метрді құрайды. Әмударияның екі жағалауындағы теміржол көпірінде жағалауды қорғау жұмыстары кешені құрылған. Ашылудан кейін Өзбекстаннан көпірлердің бірімен теміржол құрамы жолға шықса, екіншісінен – түркімендік карбамид, маталар мен басқа да өнімдер тиелген жүк көліктері Өзбекстанға қарай беттеді, делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар