• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Қызылорда облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өзінің жаңа кеңесшісі Болат Рамазановты таныстырды. Болат Мінайдарұлы 1968 жылы туған. Мәскеу тау-кен институтын «тау-кен инженері» және Еуразиялық нарық институтын «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1990 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Тау-кен ісі институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 1993-2014 жылдары жеке сектор мен ұлттық компанияларда жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2014 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін «Шалқия-Цинк ЛТД» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. Болат Мінайдарұлы өңірге инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарымен айналысып, инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын болады.  
Соңғы жаңалықтар