# Құрылтай
Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026
Киберқауіпсіздік заң жүзінде жүйеленді
Цифрландыруға қарқынды бет алдық. Бұл дегеніміз – деректер ең құнды капиталға айналды деген сөз. Қазірдің өзінде кез келген қызметті алу үшін аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, электронды поштаңыз керек. Өзіңіз берген ақпарат түрлі компаниялардың, хакерлердің қолына оп-оңай өте береді. Әдетте бұндайға аса мән бермейміз. Алайда мемлекеттік деңгейде цифрландыруға көшкенде бұған бейжай қарамауымыз керек. Киберқауіпсіздікті қаперден шығаруға болмайтынын үнемі еске салып жүретін Мемлекет басшысы бұл мәселені Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында да айрықша атап өтті.
Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026
Реформаны халық сенімі тұғырландырады
Газетіміздің өткен санында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы үш отырысы өткенін жазған едік. Бұл комиссия бұған дейін жарты жыл жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы екенін, оған Ата заңымызды түбегейлі жаңғырту міндеті жүктеліп отырғанын, түрлі саладан бас қосқан білікті сарапшылар талқылауларға қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салғанын тілге тиек еттік. Жиындар барысында айтылған орайлы ойлардың бірқатарын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Құрылтай • 27 Қаңтар, 2026
Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен бесінші отырысында бір палаталы Парламент құруды айрықша атап өтті. Ашықтық, теңгерімді билік қағидаларына негізделген конституциялық реформа мемлекетіміздің саяси жаңғыру үдерісіндегі үлкен жетістіктерінің бірі ретінде бағаланып жатыр.
Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026
Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы
Конституциялық реформа аясында бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың маңызды қадамы саналады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026
Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды
Конституциялық комиссияның екінші отырысы аясында Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Қазақстанда өкілдік билікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған негізгі бастамалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 24 Қаңтар, 2026
Реформаның мәні мен қоғамдық маңызы
Сыр еліндегі алқалы басқосу Ұлттық құрылтайдың миссиясын қорытындылады. Бұл жолы жиында өткен кезеңнің нәтижесі таразыланып ғана қойған жоқ, мемлекеттің ұзақмерзімді даму философиясы нақтыланды. Мұнда басты назар «не істедік?» деген сауалдан гөрі, «алдағы онжылдықтарда қандай ел болуымыз керек?» деген стратегиялық пайымға ойысты. Осыған орай қоғам қайраткерлері арасында сауалнама жүргізген болатынбыз.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Биылғы V Ұлттық құрылтай заман ағымына орай жаңа бағытқа қадам басқан батыл бастамаларымен ерекшеленді.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері
Қазақ тарихында құрылтай – кеңес құратын жиын ғана емес, халықтың тағдырына, елдік сапасына жауап беретін өлшем. Ол – көшпелі өркениеттің мемлекет басқарудағы даналығы, ұлт болмысының терең философиясы.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұпайын түгендеуге бағытталған бастамаларды күн тәртібіне қойып, шешімін күткен түйткілді мәселелерге тоқталды. Соның бірі – күннен-күнге құбылып, ойын ережесі өзгерген халықаралық геосаяси жағдайлар. Дегенмен осы тұрғыда өзгермейтін белгілі қағидаттар бар. Яғни еліміздің көпвекторлы саясаты мен мәмілегерлік, бітімгерлік болмысы алға шығып отыр.
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды
Ата заң • Кеше
Экономикалық қылмысқа қатысы барлар тізімге алынады
Экономика • Кеше