# Пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбалар • 31 Қаңтар, 2026
Кен орнындағы рекордтық көрсеткіш
Кейінгі жылдары жер қойнауын тиімді игеру, геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру жұмыстары қарқын ала бастады. Былтыр Президент тапсырмасы бойынша саланы жүйелі жаңғыртудың нәтижесінде пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынды. Әйткенмен, пайдалы қазбалардың едәуір бөлігі әлі де шикізат күйінде экспортталып отыр.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2025
Қолдағы қазынаны ұқсата алмай жүрміз
Қазақ елі Менделеев кестесінде түзілген элементтердің 99-ына малынып-ақ тұр. Бірақ жерасты байлығын дұрыс ұқсата алмай жүргеніміз – елдігімізге сын. Жел турбиналарынан бастап, смартфон мен жойғыш ұшақтарға дейін қолданылатын минералдар қоры – шикізатқа тәуелділіктен құтылудың басты тетігі. Биыл сирек кездесетін металдардың тағы бір бөлігі мемлекетімізде табылды деуі мұң екен, әлемнің назары елімізге ауды.
Пайдалы қазбалар • 17 Маусым, 2025
5 айда 2,39 млн тонна мұнай өңделді
Биылғы 5 айда Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген көмірсутекті шикізат көлемі осынша межеге жетті. Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишимовтің мәліметінше, жеңіл мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады. Дизель отынын өндіру 786,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл – жоспарланған көлемнен 66,7 мың тоннаға (немесе 9%-ға) артық. Осы кезеңде 105,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы шығарылып, жоспар 12%-ға артық орындалған.
Пайдалы қазбалар • 27 Ақпан, 2025
Қойнаудағы байлықты қоғам қадағалайды
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (minerals.e-qazyna.kz) іске қосылды. Онда өтінім беруден аукционға дейін және лицензия беру үдерісі автоматтандырылған. Бұдан былай жеріміздегі қазынаны игерсем дейтін инвестор порталға тікелей кіріп, қалаған сайтты таңдап, аукционға қатысуға өтінім бере алады.
Пайдалы қазбалар • 20 Желтоқсан, 2024
«Fitch Ratings» мәліметіне сүйенсек, келер жылы мұнайға сұраныс айтарлықтай баяулайды. Демек өнім қарқыны 2023–2024 жылдарға қарағанда біршама төмендейді. Бұған жаһандық энергетикалық стратегиялардағы өзгерістер себеп.
Пайдалы қазбалар • 30 Тамыз, 2024
Қарашүңгілден басталған мұнай қайнары
Қазақ жерінде табиғи байлық көп. Әсіресе ел экономикасының өркендеуіне серпін беретін, әлемдегі алпауыт компаниялардың назарын аударып отырған мұнай мен газдың мол қоры бар. Қазір бірнеше мың адамды жұмыспен қамтып, өзге де салаларды өрге сүйреген мұнай-газ өнеркәсібі ел экономикасының драйверіне айналды. Ал қазақ мұнайы туралы сөз қозғағанда, алдымен Қарашүңгіл кен орны ойға оралады. Өйткені тарихи дерекке жүгініп айтар болсақ, 1899 жылы Жылыой ауданының аумағында орналасқан Қарашүңгілдегі №7 ұңғының 42 метр тереңдігінен мұнай бұрқағы атқылаған. Мұнайшылар үшін өте тайыз саналатын тереңдіктен тәулігіне 22-25 тонна құрайтын «қара алтын» қайнары алынған. Сол жерден торсыққа құйылып, түйеге артылған 100 тонна мұнай Каспий теңізінің жағалауында күтіп тұрған тасымалдаушы кемеге жөнелтілген.
Пайдалы қазбалар • 18 Мамыр, 2024
Қазба байлық қазан түбінде қалды ма?
Саланы ішінен білетін мамандар елдегі қазба байлық қоры түгесіліп келеді деп дабыл қағып жүр. Бәлкім, геологиялық саланы дамытуға, жерасты қазба байлығын барлауға бөлінетін мемлекет қаржысының тым төмендігі болар, соңғы жылдарда бірде-бір кен орны ашылмаған. Жерасты өте сирек кездесетін металға бай ел мұндай маңызды істе неге сылбыр қимылдап тұр? Топырағына қайла тимеген өлкелердің астында мол мұра жатпасына кім кепіл?
Пайдалы қазбалар • 01 Ақпан, 2024
«Қашаған» тереңіндегі «қара алтын»
Елімізде әлем көз тіккен, құрлықтан да, су түбінен де «қара алтын» өндіру тәжірибесімен төрткүл дүниеге танылған ірі мұнай компаниялары көп емес. Мәселен, Атырау облысында дәл сондай екі кеніш бар. Бірі – «Теңіз», екіншісі – «Қашаған» кен орны.
Пайдалы қазбалар • 31 Қаңтар, 2024
Алтынды өңірдің халқы не дейді?
Өткен аптада Күршім ауданының Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы құрылысының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Тыңдауға 100-ден аса тұрғын қатысып, 19 адам ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы билік өкілдері де болды. Айта кетерлігі, тыңдауға қатысқан халықтың ұсыныстары ескеріледі.
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды
Ата заң • Кеше
Экономикалық қылмысқа қатысы барлар тізімге алынады
Экономика • Кеше